Мектепте тіл пәні апталығын өткізу – оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, мектеп бағдарламасынан тыс тілдерді үйренуге деген қызығушылықты арттырудың ең жақсы тәсілі.

14 қазанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің кешкі мектебі» КММ-де «LingvoQuest: лингвистикалық құпияларды іздеуде» атты тілдер апталығы басталды.

Апталық «Суреттен мақал-мәтел тап» квестімен ашылды. Мақал-мәтелдерге арналған иллюстрациялар нейрондық желі арқылы жасалды.   Квестке мектеп оқушылары да, мұғалімдер де қатысты.