2020 жылға 6 сәуірде облысымыздың барлық мектептері қашықтықтан оқытуға көшіуіне байланысты Сізге Қостанай облысы ата-аналарының сараптамалық-консультативтік кеңесі өтініш етеді.

Карантин жағдайында бұл оқу түрі осы оқу жылын сәтті аяқтаудың жалғыз мүмкіндігі болып отыр. Қазір барлығымызға да оңай емес.

Біздің балаларымыздың мұғалімдеріне одан да қиын. Қысқа уақыт ішінде қашықтықтан білім беру үдерісін ұйымдастыру-бұл өте қиын міндет. Бірақ! мұғалімдерімізге оқу жүктемесінен басқа ата-аналардың сұрақтары мен өтініштерін  реттей отырып , олармен көп жұмыс істеуге тура келеді. Біз барлық ата-аналарды балаларымыздың мұғалімдерімен қарым-қатынаста әрдайым табандылық, шыдамдылық, өзара түсіністік танытуды сұраймыз.

Виртуалды ортаның өсу әсері жағдайында әлеуметтік, бейвербальдік, эмоциялық байланыстары айтарлықтай қысқарған мектеп оқушыларына да оңай емес. Осы уақытқа дейін біздің балаларымыз үшін мектеп пен қосымша білім беру ұйымдары баламалы пайдалы  шынайылық болған, бірақ бүгінгі күні бұл да шектеулі және балаларымызды гаджеттерге тәуекел етеміз деп қорқамыз. Цифрлық аутизм қоғамда ең қорқынышты пандемиядан тезірек таралады. Одан аман қалу-тек отбасында ғана. Енді тек біз, ата-аналар, балалардың әлеуметтік кеңістігін ұйымдастыруға жауаптымыз. Біздің міндетіміз оны қазіргі заманғы техникалық құралдар, балаларымызға достарын, педагогтарды және бізді ауыстырмай, білім алатын құрал болып қалатындай етіп ұйымдастыру.

Құрметті ата-аналар! Барлығымыз да алаңдаулымыз, күмәнданудамыз. Бұл өзгерістерді қабылдау қалыпты. Бірақ бүгін, біз үшін ортақ жауапкершілік қажет. Өйткені қашықтықтан оқытуға уақытша көшу үдерісінен біздің балаларымыздың қиындықсыз өтуі тек екі институт қана көмектесе алады – бұл отбасы мен мектеп, олар бір-бірімен толық, үздіксіз және сапалы өзара іс-қимыл жасау шартымен жасай алады.

Қостанай облысы ата-аналарының сараптамалық-консультативтік кеңесі бұл сынақты тек отбасы институты ғана емес, сонымен қатар отбасы мен мектептің әріптестік қарым-қатынасын күшейтеді деген сенімдеміз!

 

 

Қостанай облысы ата-аналарының

сараптамалық-консультативтік кеңесі

денсаулық, амандық және  

оқу жылын сәтті аяқтауды тілейді