Әкімдіктің
2021 жылғы 5 қаңтардағы
№ 22 қаулысымен
бекітілген
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
жарғысы
1-тарау. Жалпы ережелер
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
- Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
- Мемлекеттік мекеме Қостанай облысы әкімдігінің «Рудный қаласының мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта атау туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 22 қаулысымен қайта аталды.
- Қостанай облысының әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.
- Мемлекеттік мекемеге байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Қостанай облысының әкімдігі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) болып табылады.
- Мемлекеттік мекеменің атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 111500, Қостанай облысы, Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 63.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
8.Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.
9.Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10.Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі қаражатпен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
11.Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
- Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру, қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету болып табылады.
- Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты жалпы білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумын игеру, білім алушылардың қоғам өміріне әлеуметтік бейімделуі негізінде білім алушылардың жалпы ғылыми және жалпы мәдени даярлығын қалыптастыру, кәсіпті, еңбек қызметін саналы түрде таңдау және игеру үшін негіз жасау, азаматтыққа және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады.
- Мемлекеттік мекеменің міндеттері:
1) құзыретті тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі – МЖМБС) көзделген ғылымның базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету);
3) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
4) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен қазақ тілін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
5) Белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;
7) ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады.
- Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру;
2) қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру;
3) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың білім алуы, дамудың бұзылуын түзету және білім берудің барлық деңгейлерінде әлеуметтік бейімдеу үшін арнайы жағдайлар жасау болып табылады.
- Мемлекеттік мекеме білім беру қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.
- Мемлекеттік мекеменің осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.
- Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі басқару органының, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
- Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – білім беру бөлімі) жүзеге асырады.
- Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
3) мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
4) өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21.Білім беру бөлімі:
1) мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртібін және өкілеттіктерінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;;
4) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздерін белгілейді;
5) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;;
6) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;
8) өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің басшысын білім беру бөлімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
- Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, білім беру бөліміне тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
- Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
- Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруына бағытталған іс-әрекеттері Еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
- Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметін орындау кезінде:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;;
3) шарттар жасасады. ;
4) сенімхаттар береді;;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) жергілікті атқарушы орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және жергілікті атқарушы органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі
- Мемлекеттік мекеме негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.
- Кешкі мектеп білім беру процесін білім берудің екі сатысының жалпы білім беру бағдарламаларының деңгейіне сәйкес жүзеге асырады:
1) II саты - негізгі орта білім беру (игеру мерзімі: 1 жыл: 9-сынып);
2) III саты - жалпы орта білім беру (игеру мерзімі: 2 жыл: 10, 11-сыныптар).
6-тарау. Мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі
- Мемлекеттік мекемедегі жалпы білім беру процесінің қатысушылары: білім алушылар, педагог қызметкерлер, кәмелетке толмаған білім алушылардың ата-аналары (оларды алмастыратын адамдар) болып табылады.
- Мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық ниет білдірген кәмелетке толған білім алушылар келесі құжаттар негізінде қабылданады:
1) жеке өтініші және ата-аналарының (оларды алмастыратын адамдардың) өтініші негізінде кәмелетке толмаған білім алушылар);
2) соңғы оқу жылындағы үлгерім табелі;
3) негізгі орта білім туралы аттестаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) осы оқу орнында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша міндетті түрде сағат саны мен бағалары көрсетілген жалпы білім беретін мекемелерден анықтамалар жатады;
5) осы оқу орнында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша міндетті түрде сағат саны мен бағалары көрсетілген арнаулы орта оқу орындарынан алынған академиялық анықтама; ;
6) осы оқу орнында, жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен сағаттар саны мен бағалары міндетті түрде көрсетілген архивтен анықтамалар жатады;
7) медициналық анықтама, нысан – 086;
8) жеке куәліктің және туу туралы куәліктің көшірмелері.
Осы құжаттары жоқ адамдар мемлекеттік мекеме мамандары жүргізген аттестаттау негізінде олардың өтініші бойынша қабылдануы мүмкін.
- Кәмелетке толмаған білім алушыларды мемлекеттік мекемеге қабылдау кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның жолдамасы бойынша, ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың өтініші бойынша және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар бойынша жүргізіледі.
- Білім алушыларды мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі Заңмен реттелмеген бөлігінде мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалады. Білім алушыларды мемлекеттік мекемеге қабылдау оқушылардың тұратын жеріне, ауданына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік мекемеге қабылдау оқу жылы басталғанға дейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі және мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен ресімделеді.
- Басқа жалпы білім беру мекемелерінен ауысқан адамдар оқу жылы ішінде олар өткен бағдарламалық материалды және қорытынды және ағымдағы бағаларды ескере отырып, тиісті сыныпқа қабылдануы мүмкін.
- Білім алушылардың шекті жасы шектелмейді.
- Мемлекеттік мекемеде білім алушылардың құрамы жылына екі рет, әрбір оқу жарты жылдығының басында айқындалады және мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен бекітіледі.
- Білім алушылардың негізгі орта және жалпы орта білім алу құқықтарының сақталуы үшін жауапкершілік мемлекеттік мекеменің әкімшілігіне жүктеледі.
- Білім алушыларды қабылдау кезінде мемлекеттік мекеме білім алушыны және оның ата-анасын (оларды алмастыратын адамдарды) олардың өтініші бойынша жарғымен және мемлекеттік мекеменің білім беру процесін ұйымдастыруды регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.
7-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілі, білім алушылардың сабақ режимі)
- Мемлекеттік мекеме оқытуды мынадай нысандар бойынша жүзеге асырады: сырттай, жеке, бір білім беру ұйымының шегінде.
- Мемлекеттік мекеме кемінде 100 білім алушы болған жағдайда жұмыс істейді. Мемлекеттік мекеме сырттай оқыту сыныптарын кемінде 9 оқушы болған жағдайда ашады. Сыныпта 9 білім алушыдан кем болған жағдайда білім беру бағдарламаларын игеру жеке жоспар бойынша жүзеге асырылады.
- Қажетті жағдайлар мен құралдар болған кезде оқу-консультациялық пункттерді, сырттай оқу сыныптарын ашу және ұстау, сондай-ақ сырттай оқытудың жеке білім алушысына оқу сағаттарын ұлғайту мүмкін болады.
- Сырттай оқыту нысаны бар оқу-консультациялық пункттердің білім беру процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген оқытуды ұйымдастыру шарттары бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
- Сырттай оқу нысаны кезінде қазақ тілі мен әдебиетін, шет тілін, информатиканы оқыту үшін кіші топтарға бөлу көзделмейді.
- Мемлекеттік мекемедегі білім мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және іске асырылатын жұмыс бағдарламаларымен және оқу жоспарларымен айқындалады.
- Оқушылардың білімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесі, оларды өткізу нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі және жүзеге асырылады.
- Оқу жылы 1 қыркүйектен 25 мамырға дейін жалғасады. Сырттай оқу жылының ұзақтығы - 34 апта.
- Сырттай оқу сабақтарын ұйымдастырудың сессиялық режимі кезінде сессия уақытын мемлекеттік мекеменің педагогикалық кеңесі айқындайды.
- Мемлекеттік мекемеде «№ 1 Қашар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанында Қашар кентінде тұратын білім алушылар үшін сырттай оқыту сыныптары ашылды. «№1 Қашар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімдері мемлекеттік мекеменің жұмыс оқу жоспарына сәйкес мемлекеттік мекеменің сырттай оқыту сыныптарында қоса жұмыс істейді.
- Негізгі орта және жалпы орта білім беру курсы бойынша бағдарламаны меңгеру бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
- Мемлекеттік мекеменің түлектеріне қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін тиісті білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
- Білім беру процесін жетілдіру мақсатында мемлекеттік мекемеде әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет құрылады. Олардың қызметі білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамада айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік мекеменің персоналын жасақтау тәртібі Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасымен реттеледі.
Штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді.
- Оқу аптасының ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
- Білім алушылардың оқу жүктемесі, сабақ режимі МЖМБС, санитариялық қағидалар, үлгілік оқу жоспарлары және білім беру саласындағы Денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған мемлекеттік мекеме бекітетін ережелермен айқындалады.
- Мемлекеттік мекемеде келесі жұмыс тәртібі белгіленеді: оқу сабақтары екі ауысымда өтеді.
- Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және жүйелілігі көрсетіледі. Күніне сабақтардың орташа саны – 4-8, сабақтар жұптасып (парамен) өткізіледі, қосарланған сабақтардың ұзақтығы - 75-80 минут. Оқу сабақтарының кестесін Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес басшы не оны алмастыратын адам бекітеді.
- Мемлекеттік мекеме білім алушылардың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің МЖМБС-на сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің бірін үйренуін қамтамасыз етеді.
- Оқыту орыс тілінде жүргізіледі.
- Кәмелетке толмаған білім алушыларды медициналық қамтамасыз ету «Рудный қалалық емханасы» КМК Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылады.
- Мемлекеттік мекеме білім алушылардың бойында патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты қарым-қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қамтамасыз етеді.
- Мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білім берудің бөлектілік қағидатын сақтайды. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді.
- Саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
8-тарау. Білім алушылардың білімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесі, оларды өткізу нысандары мен тәртібі
- Білім алушылардың негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады.
- Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға береді.
9-тарау. Білім алушыларды оқудан шығару негіздері мен тәртібі
- Білім алушылар басшының бұйрығымен мемлекеттік мекемеден мынадай негіздерде шығарылады:
- құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасағаны, мемлекеттік мекеменің жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны, мемлекеттік мекеменің ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін, себепсіз сабақтан босатқаны үшін 18 жасқа толған білім алушылар.
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады.
10-тарау. Ақылы қызметтер көрсетудің тізбесі мен тәртібі
67. Бюджет қаражаты есебінен білім алушыларға мемлекеттік мекеме көрсететін білім беру қызметтері тегін көрсетіледі
11-тарау. Білім алушылармен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қарым-қатынастарды ресімдеу тәртібі
- Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері мемлекеттік мекеменің жарғысында, мемлекеттік мекеменің ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.
- Білім алушының, заңды өкілдердің өзара қарым-қатынастары кәмелетке толмаған оқушылармен және олардың ата-аналарымен және тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқу мерзімдерін айқындайтын өзге де заңды өкілдерімен жасалған шартпен реттеледі.
- Кәмелетке толмаған оқушылармен және олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарт білім алушыларды мемлекеттік мекемеге қабылдау кезінде жасалады.
- Білім алушылар құқығы:
1) МЖМБС - ға сәйкес сапалы білім алу;
2) мемлекеттік мекемені басқаруға қатысу;
3) оқу залын, компьютер сыныбын және кітапхананы тегін пайдалану;
4) өз пікірін және сенімін еркін білдіру;
5) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
6) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқылы.
- Кәмелетке толмаған білім алушыларды оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.
- Білім алушылар міндетті:
1) МЖМБС талаптарына сәйкес білім, білік, практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, мемлекеттік мекеменің жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті;
2) өз денсаулығына қамқорлық жасауға, рухани және физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуға тиіс;
3) педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін, олар білім алып жатқан оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
- Білім алушылардың міндеттерін бұзғаны үшін оларға ішкі тәртіп ережелерінде және мемлекеттік мекеменің жарғысында көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.
- Педагог міндетті:
1) өз қызметінде тиісті кәсіби құзыреттерді меңгеру;
2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын МЖМБС-да көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті;
3) өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде кемінде бес жылда бір рет біліктілік санаты деңгейін арттыруға (растауға) ;
4) педагогикалық әдепті сақтауға міндетті;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуге міндетті;
6) білім алушылар мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
7) Білім алушыларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-аналарына, үлкендеріне, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет, жоғары адамгершілік, патриотизм, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
8) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
9) білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультация беруге міндетті.
- Педагог білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру үшін, азаматтардың әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілілігі, діни немесе тілдік қатыстылығы, олардың дінге көзқарасы белгісі бойынша айрықшалығын, артықшылығын не кемдігін насихаттайтын үгіттеу үшін, оның ішінде білім алушыларға тарихи, ұлттық немесе діни наным-сенімдер туралы, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттерге итермелеу.
- Кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде педагог:
1) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын сақтау шартымен кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;;
2) лауазымды адамдар мен басқа да адамдар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғауды қамтиды;
3) білім алушылар мен олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан мамандыққа құрметпен қарауға және тиісті мінез-құлыққа;
4) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады;
5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыру, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізу болып табылады;
6) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда шығармашылық бастамашылыққа, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға құқығы бар;
7) Білім беру бағдарламасына сәйкес оқу құралдарын, Оқу материалдары мен оқыту мен тәрбиелеудің өзге де құралдарын таңдау;
8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, әдістемелік материалдарды және білім беру қызметінің өзге де компоненттерін, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарын әзірлеуге қатысу;
9) жұмыс орны бойынша сайлану және сайланбалы лауазымға орналасу;
10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысу;
11) мемлекеттік мекеменің алқалы басқару органдарының жұмысына қатысу;
12) кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттыруға міндетті;
13) үздіксіз кәсіптік дамыту және біліктілікті арттыру нысандарын таңдау;
14) біліктілік санатын мерзімінен бұрын беру;
15) кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін көтермелеу болып табылады;
16) мемлекеттік мекеме басшысының өзіне қатысты қабылдаған актілеріне, іс-әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым жасауға құқылы;
17) білім алушылар мен олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар жатады.
- Педагогтің құқықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс.
12-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру тәртібі
- Мемлекеттік мекеменің мүлкін құны оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың есебінен қалыптастырылады::
1) оған меншік иесі берген мүлікті;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
- Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік ұсынады.
- Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және тексеруді жергілікті атқарушы орган және өзге де мемлекеттік органдар өз құзыретіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
13-тарау. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі.
- Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
- Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.
14-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
- Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
15-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
- Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
16-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
- Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Басшы _______________
Т.А.Ә. (бар болса) қолы
https://vecher-rdn.edu.kz/kz/biz-turaly.html#sigFreeId1ce4732c1a