Бұл мереке мемлекетіміздің еркіндігі мен қуаттылығының символы болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен, табысты қайта құрулармен тамаша жалғастырды.

Кешкі мектепте «Гүлдей жайнаған Қазақстан, туған жер. Тәуелсіздік хроникасы» атты іс-шара өтті, оның мақсаты – адамгершілік, көшбасшылық қасиеттері бар азаматты, патриотты қалыптастыру, оқушылардың бойына «Отанға деген сүйіспеншілік» құндылығын қалыптастыру.