2024 жылыдың 14 қарашасында арнайы пән оқытушысы Кенжегалиева Римма Кайраккалиевна және өндірістік оқу шебері Мукашов Амантай Мукашовичтың ұйымдастыруымен, "Ұңғыманы зерттеу әдістері" тақырыбында теориямен тәжірибелік сабақты ұштастыру мақсатында шеберлік сабақ өткізілді. Студенттерге ұңғыманың құрылымын, қабаттарының қасиеттерін және олардың өнімділігін анықтайтын негізгі әдістер көрсетілді. Сабақ барысында геофизикалық, гидродинамикалық, және ядролық-физикалық әдістердің артықшылықтары мен олардың қолдану саласы туралы тәжірибелік жұмыс жүргізілді.